Тараз қаласының Жамбыл даңғылы бойында, «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 58 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автокөліктің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.