Есепті жылы облыс әкімі мен Тараз қаласы, аудан әкімдері арасында келісімге сәйкес жастар мәселесі бойынша 11 меже белгіленді. Олардың 7-сі жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталды. Аталған келісім аясында жыл соңына дейін 11 мың жасты жұмыспен қамту көзделген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Есепті кезеңде 6758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.
Олардың 2604-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 977-сі қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 1624 түлек жастар тәжірибесіне, 271-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен оқып, 50-і шағын несиеге қол жеткізсе , 20 жас қайтарымсыз грант алды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4% құрады. Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Республика бойынша көрсеткіш- 3,9%.
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде есепте тұрған 4214 жұмыссыз жастардың 2604-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Айта кетейік, облыс бойынша 1 өңіраралық, Тараз қаласы мен аудандарда 27 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, оған 16-29 жас аралығындағы 629 жас қатысты.