Өңірде 1,7 млн гектардан астам жер жайылымдық,  ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден орман қорына ауыстырылған

0 11

Өңірде 1,7 млн гектардан астам жер жайылымдық,  ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден орман қорына ауыстырылған.Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысы Бахтияр Көпбосыновтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясы айтылды, — деп жазады «Zhambylnews» AA

Спикердің айтуынша, облыстың жер қоры 14 426,4 мың гектарды құрады. Оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер  — 4589336 гектар; елді мекендердің жерлері –467166 гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 173167 гектар;  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11659 гектар; орман қорының жерлері – 4 430673 гектар; су қорының жерлері – 338 741 гектарға тең. Бос қосалқыжерлер  — 1 926 256 гектар; басқа мемлекет пайдаланып жатқан жеркөлемі – 2 489 300 гектарды алып жатыр.

Жер есебіне сәйкес облыстың жер қорының 65 пайызын немесе 9,4 млн гектардан астамын жайылымдық жерлер алып отыр.

Соған қарамастан, жайылымдарды пайдалануды реттеу бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Аграрлық саланы реформалау барысында 1,7 млн гектардан астам жайылымдықтардың ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден орман қорына ауыстырылған.

-Әрбір елді мекен бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал басының есебі алынып, жайылым жерлерді нақтылау жүргізілді, әр ауылдық округ бойынша жалпы пайдаланымдағы жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігінің және елд імекендер аумағына жақын орналасқан (5-7 шақырым) жайылым жерлердің иелерін анықтау жұмыстары жүргізілді,-деді басқарма басшысы.

Талдау нәтижесі, 4 ауданның (Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі) 19 ауылдық округінде жалпы пайдаланымдағы 1,044 мың гектар жайылымдық 35 жер пайдаланушыға беріліп кеткендігін көрсетті.

Жер кадастрындағы мәліметтерге сәйкес аталған аумақта 92 мың гектар жайылым жерлер бекітілген 364 жер пайдаланушылар тізіміжасалды. Осы жерлерді жерпайдаланушылармен келісе отырып ауылдық әкімдіктерге бекітіп беру арқылы 57 ауылдық округтер бойынша жайылымдарға сұранысты қанағаттандыруға болады. Мысалы, осы Жуалы   ауданында көрсетілген аумаққа кіретін 120 гектар жайылымның 100 гектары мемлекетке қайтарылды

Зерделеу нәтижесінде ауылшаруашылығы кәсіпорындары, шаруа-фермер қожалықтары, өзіндік қосалқы  шаруашылықтар бойынша тіркелген мал басының есебі  нақтыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.