Биыл қаланың 78 шақырымдық 148 көше бұрылыстар тұйықтарымен қоса жолы орташа жөндеумен қамтылмақ. Бүгінде бұл жұмыстар басталып кетті. «Шалғай Қарасуда» ұзындығы 520 метрді құрайтын Прибалхашская көшесінен Анарбаев көшесіне дейін қалыңдығы 6 см болатын асфальт жабындысы төселуде. Одан өзге мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін № 21 мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Құрылыс сапасы мамандармен қатаң қадағалануда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Айта кету керек биылғы жылы қалада орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптары. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 млн теңгеге қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларын ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.
Сол сияқты «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй массивінің 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне 260 млн теңгеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды «Айя сервис» ЖШС-гі жүргізуде. Бүгінде мұнда шағал тастардың бірінші қабаты салынуда.
Алдағы уақытта техникалық талаптарға сәйкес екінші қабаты жүргізілетін болады.Нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болғанмен, мердігер компания жұмыстарды кестеден бұрын, жыл соңына дейін тапсыруды көздеп отыр.