Жамбыл облысында «Ашық есік күні» өткізілді

0 0

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-і мен Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бірлесуімен «Латын графикасында жазу оңай және оңтайлы» тақырыбында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шара 2018 жылғы 6 желтоқсанда «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін үйрету», «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру» жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 22-29 тамызы аралығында Тараз қаласы бойынша түрлі салалық ұйымдардың қызметкерлерін кең көлемде қамту үшін 500-ден аса азаматтарды қамту жоспарланып, латын графикасында әзірленген клавиатура апробациядан өтуде. Дәріске мемлекеттік қызмет, құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. сала қызметкерлері қатысуда

Leave A Reply

Your email address will not be published.