Жамбыл облысындағы 35 колледжге дуалды оқыту жүйесі енгізілген

0 0

Жамбыл облысындағы 35 колледжге дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, 193 кәсіпорынмен үш жақты келісімшарттар жасалған. Өткен жылы  аталған   жүйемен  оқуын аяқтаған 1588 түлектің 75 пайыз жұмыспен қамтылды. Жұмыс беруші мен колледждер арасында 3581 түлекті жұмыспен қамту туралы 726 келісім шарттар жасалған.   Облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмахамбетова тамыз кеңесінде осылай деді. Бұл туралы  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Облыста 46 колледж жұмыс істейді оның 23-мемлекеттік, 23-мемлекеттік емес. Өңірдегі техникалық және кәсіптік мамандарға деген еңбек нарығының сұранысына сай жаңа оқу жылына облыстағы 47 мамандыққа 3082 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Жалпы, бөлінген мемлекеттік тапсырыстың 56,7 пайызы (1750-і) «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы аясында жұмысшы мамандықтарына берілді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, кәсіптік техникалық мекемелерде жұмысшы мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы 1 қыркүйектен бастап 30 пайызға артады. Осы мақсатта өңірдегі колледждердің 8321 студентіне 163 млн. 373 мың теңге бөлінді.

 Колледж студенттерінің 50,9 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқуда. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 1028 орынға артық. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2018 жылы 3500 түлек бітірсе, оның 84,2% жұмысқа орналасты. Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Құлан агротехникалық колледжінен  үлгілік колледж жасау мақсатында аталған оқу орындарынан «WorldSkills» стандартына сай 10 құзыреттілік орталығы құрылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.