Жамбылда біріңғай «Адалдық сағаты» өтті

0 0

Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Әділхан Әшірбаев және облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекованың қатысыуымен 9-11 сынып оқушыларына арналған «Адалдық сағаты» өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ , сағат 10-00 уақытымен Департамент қызметкерлері, Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары және қызметкерлері, мектеп мұғалімдері және арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен облыстық барлық білім ордаларында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — білім күнінің алғашқы сабағында оқушылар арасында Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау және тәрбиелеу болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.