Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан  Мыңбай Талас ауданына жұмыс сапарымен келді

0 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,«Nur Оtаn» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Дархан  Мыңбай Талас ауданына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жұмыс сапарын «Talas Investment Company» ЖШС-нің жұмысымен танысудан бастады. 2014 жылы Республикалық кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген бұл жобаның қуаттылығы жылына 15,0 мың тонна цианид натрий және 5,0 мың тонна сульфат шығаруға бағытталған. 2019 жылы аталмыш зауыт 6 айға 6364,0 тонна цианид натрий және 1262,0 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 6071,2 млн теңгені құраған. Зауытта тұрақты жұмыс орны 535 адам.

Дархан Қамзабекұлы келесі кезекте «Қаратау Про» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тоқтады. Зауыттың тыныс-тіршілігін бас директордың сенімді өкілі Темешбай Тайырұлы таныстырды. Жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп өндіруге арналған зауыт 2017 жылдың наурыз айында іске қосылған. Қазіргі кезде 96 адам тұрақты жұмыс жасайды.Зауыт итальяндық құрал-жабдықтармен қамтылған. Зауыт 2019 жылдың қаңтар-маусым айларына 50857 тонна мәрмәр ұнтағын және 2625 тонна мәрмәр үгіндісін өндіріп, жалпы өнім көлемі 414,91 млн.теңгені құрап отыр.
Мәжіліс депутаты «Игілік» көпсалалы кәсіпорынының ұжымымен кездесіп, орталық қазандықтың жұмысымен танысты.

Бұдан әрі халық қалаулысы Қасқабұлақ ауылындағы ауыз су жүйесі, автомобиль жолының орташа жөндеу құрылысы және Есейхан ауылындағы ауыз су жүйесі құрылыс нысандарының жұмыстарымен де танысып қайтты. Есейхан және Қасқабұлақ ауылындағы ауыз су жүйесі нысаны аяқталған уақытта 2500-ға жуық ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.