Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 10-11 қыркүйек күндері Тұрар Рысқұлов және Сарысу аудандарында «Цифрлы Қазақстан: цифрлы қоғамдағы цифрландырылған ақпараттық орталықтар өзіне өзі қызмет көрсету алаңдары ретінде» тақырыбында аймақтық кластер өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген іс-шараның мақсаты – «Mgov», «Telegram-bot», «EgovKzBot» қосымшаларымен жұмыс жасау тәсілдерін практикалық түрде пысықтау.
Кластер бағдарламасына сәйкес екі аймаққа бөлінген барлық 10 аудан кітапханашылары азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Жамбыл облыстық филиалы ХҚК бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімінің HР менеджері Айнұр Шапатаева және осы мекеменің Сарысу аудандық бөлімінің маманы Асем Алибекованың «Цифрлы Казахстан: «eGov.kz» порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлері және оларды орындау тәсілдері» дәріснамаларын тыңдап, электронды қосымшаларымен жұмыс жасау тәсілдерін үйренді. Кластер 150-ден астам ауыл кітапханашыларын қамтыды.