Таразда 54 жастағы әйелді питбуль талап өлтірді

0 19

Таразда 54 жастағы әйелді питбуль талап өлтірді. Жарты сағат бойы дәрігерлер оған көмек көрсете алмады,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА КТК  телеканалына сілтеме жасап.

Көпшіліктен көмек сұрап жан ұшыра айғайлаған әйелдің дауысын көршілер естіп, көмекке жеткен. Ауылдастары адамнан итті айырып алуға асыққанымен, алып төбетке әлдері келмеген.

«Мұнда ит әйелді тістеп алды, содан кейін далаға тарта бастады.  Мен осы кезде далада отырдым, оған көмектесуге тырыстым», — дейді көршісі.

Бірақ иттен құтқарып алуға көршілердің шамасы жеткен жоқ. Ол қайта- қайта құрбандыққа бара берді.  Әлгі итті полицейлер атып өлтірді. Ал әйелді бірден ауруханаға апарды. Көптеген жаралы жарақаттары бар және шок жағдайында зардап шегуші хирургтерге жеткізілді. Оны бірден операцияға жіберді. Бірақ әйелді құтқару мүмкін болмады, ол екі литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер жүрек тоқтауын айтты.

«Науқас отадан кейін 4 сағаттан соң көз жұмды. Ол қатты қан жоғалтқандықтан геморрагиялық шок алған. Бұл дегеніміз ауыр травматикалық жарақат пен қан жоғалтудан шошынған қос бірдей шокқа жатады. Қазір патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізу үшін марқұмның денесі сот сараптамасына жіберілді», — дейді облыстық аурухана хирургия бөлімінің меңгерушісі Жандос Рысқұлов.

Қаза тапқан адам туысқандарында қонақта болған екен. Иесі жануарды құрбандықтан тартып алуға тырысты, бірақ одан ештеңе шықпады.

«Қорқынышты,  үлкен ит. Полиция бәрін біледі. Тек бізді ғана емес, полицияны да тістеп алған. Өткен жылы бір адамды да  тістеп алған. Ол да ауруханада жатты. Ал бұл жолы мүлдем», — дейді көршісі Әзиза Наурызбаева.

Полицияда тергеу басталды. Бірақ қандай бап бойынша, әзірге нақтыланбады. Ит иелерін жазалайды ма,  ол да белгісіз.

Аударған: Элизат ҚОНЫСБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.