Жамбыл облысында цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді қолдады

0 12

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді. Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Зерде» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері қатысты, -деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Қыстаубай Сағынтаев айтуынша, маңызды экологиялық шараны  мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен ҚР ЦДИАӨ министрлігіне қарасты мекемелер қолдады.

Бүгін біз әріптестерімізбен Сейфуллин-Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан аллеяны тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын», – деп қосып өтті директор.

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша жинауға 861 қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 12 тонна қоқыс шығарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.