Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Инна Аксенова мен Инна Богучарская Германияның Гамбург қаласында өткен ECER 2019 білім саласындағы ең ірі еуропалық конференциясына қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Олар халықаралық ғылыми жұртшылық назарына «Тәуекелдер әлемінде PBL проблемалық-бағытталған оқыту қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуына ұйымдастырушылық инновацияларды енгізу» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Педагогтардың айтуынша, ECER 2019 конференциясына қатысу білім беру саласындағы заманауи зерттеу үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, олар шетелдік әріптестерінің конференцияда ұсынылған зерттеу нәтижелері қолжетімді, әрі жоғары кәсіби деңгейде ұсынылғанын атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша Аксенова И.В. мен Богучарская И.Г. Фридрих-Александр атындағы университеттің педагогика институты профессоры Майкл Голич басшылығымен ұйымдастырушылық оқыту саласындағы жетекші зерттеушілердің кәсіби қауымдастығына мүше болды. Қауымдастыққа мүше бола отырып, мұғалімдер халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жаһандық және әлеуметтік қауіп-қатерлер әлемінде кәсіби дамыту бойынша жергілікті мұғалімдерге қолдау көрсетуді жалғастырады.
Биылғы жылы ECER әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық жетекші ғалымдар мен білім беру саласының мамандарын жинады. Білім берудегі зерттеулер бойынша Еуропалық қауымдастық яғни EERA ұйымдастырған биылғы форум болашақ үшін білім беру зерттеулерінің рөліне арналды.