Талас ауданында жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 27 млрд. 473 млн. 100 мың теңгені құрап, 122,2 %-ға орындалды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Өнеркәсіп өнімдері 15 млрд. 838 млн. 500 мың теңгеге өндіріліп, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 4 млрд. 101 млн. 900 мың теңгеге артық немесе 134,9%-ға орындалды. Нақты көлем индексі 102,9% құрады.
Ауданда 2019 жылдың 1 қыркүйекке кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1701 адамды құрады.
Бағдарлама аясында Қаратау қаласында жалпы ауданы 27 752 шаршы метрді құрайтын 440 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлер 3 мөлтек ауданы № 49,51 және 5 мөлтек ауданы №51,52,55,58 үйлер жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен берілуде.
Бүгінгі күнге көп балалы немесе жағдайы төмен отбасыларды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданы №3 және №4 жатақханалары Талас аудандық сотының шешімімен ағымдағы жылдың сәуір айында коммуналдық меншікке алынып, қайта жаңғырту жұмыстарына 504 млн. 484 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттама жасалынып, 3 мөлтек ауданы №3 жатақхана мемлекеттік сараптамадан өтті, №4 жатақхана өтуде.
Аудандағы 24 елді мекенің Қаратау қаласы мен 14 ауылдық елді мекеніне газ құбыры тартылған. Жалпы елді мекен санының 62,5% құрайды.
Талас ауданының 5 елді мекені Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайырға таратылатын газ құбырын салуға 2018 жылы 2 млрд. 344 млн. 588 мың теңге бөлінген, 2019 жылы 220 млн. 840 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.
Аталған Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр елді мекендерінде ішкі газ тарату желісінің құрылысына облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекеніне газ құбырын жеткізу ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жобаның құны 3 млрд. 221 млн. 700 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда облыстық энергетика баскармасы арқылы Энергетика Министрлігіне бюджеттік өтінім берілген.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудандағы 23 ауылдық елді мекеннің 24964 адам бүгінгі күні 13 елді мекені 18793 адам ауыз су жүйесіне қосылған. Сол сияқты Қаратау қаласы ауыз су жүйесіне 100 пайыз қосылған.
12 елді мекендегі 20632 адамның 16760 адамы ауыз сумен қамтылған немесе 81%. Жалпы 23 елді мекендегі 25018 адамның 16760 адамы қамтылып немесе 67%.
Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2018 жылға 302 млн. 201 мың теңге бөлінген, 2019 жылы жұмыстарды аяқтауға 303 млн. 359 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қасқабұлақ ауылындағы су жүйесінің құрылысына 767 млн. 178 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер «Fortis» ЖШС-і. Нысан 31.12.2019 жылы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, Майтөбе ауылын су жүйесінің құрылысына 111 млн. 111 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 336 млн. 707 мың теңге. Мердігер «Пырақ Құрылыс» ЖШС-і. Нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.
Қаратау қаласындағы нысандарға ауыз судың сервистік жүйенің қалпына әлеуметтік нысандар, көп қабатты тұрғын үйлер келтіру нысанының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 62 млн. 892 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.
2019 жылдың 4 айында аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке жоспарланған 176 млн. 513 мың теңге толығымен игерілді. Соның ішінде: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1022 отбасындағы 6052 адамға 176 млн. 513 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 461 отбасындағы 2130 адамға 11 млн. 500 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмек 53 адамға 2 млн. 810 мың теңге тағайындалып, толық төленді.
2019 жылдың 8 айында аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке жоспарланған 668 млн. 902 мың теңге толығымен игерілді. Соның ішінде: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1516 отбасындағы 7658 адамға 649 млн. 657 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 530 отбасындағы 2453 адамға 13 млн. 320 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмек 81 адамға 5 млн. 925 мың теңге тағайындалып, толық төленді.
Айта кетейік, 2019 жылдың 8 айында жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 2241 адамның жұмыспен қамтылғандар саны 1162 адам.