Жамбыл облысында Абай атындағы орталық кітапханасында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, «Елім-ай Достық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 1 кезеңінің жеңімпаздары жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, жүзуден 14 дүркін әлем рекордын жаңартушы, ел тарихында тұңғыш рет Параолимпиада ойындарының жеңімпазы З.Габидуллина мен Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жол потрульдік полицейі, қызмет аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғ.Арыстанбаевпен кездесу өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Кездесудің жалпы мақсаты Тәуелсіздік жылдарында еліміздің түрлі салаларының ілгерілеуіне айрықша үлес қосқан жандардың нақты тарихы арқылы табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білім алуға құштарлық идеясын насихаттау.
Кездесу барысында жоба жеңімпаздары өздерінің жетістікке жету жолындағы өмір тарихы, өмірлік ұстанымдары туралы өй бөлісті. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, білімді, жан-жақты, рухани құндылықтары жоғары, еліміздің патриот азаматы болуға шақырды.