Тараз тұрғынынан бір келіден астам марихуана есірткі заты тәркіленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сатумен айналысқан 28 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Оның автокөлігін тексеру барысында бір келіден астам «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталып, тәркіленді.
Күдікті кінәсін мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.