Кәсіпкерлер жемқорлық жайлаған саланы атады

0 5

Кәсіпкерлер жемқорлық жайлаған саланы атады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Д.Омаров айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Transparency International Kazakhstan» қоғамдық қорымен Қазақстандағы жемқорлықтың деңгейін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары аясында кәсіпкерлер сауалының нәтижесі бойынша, жер қатынастары (20,4% немесе 34 факт), салық департаменті (19,8% немесе 33), өртке қарсы қызмет (15,6% немесе 26), кеден (14,4% немесе 24), аудандық полиция бөлімі (12,0% немесе 20) құраған.

Респонденттер тұрғысынан, әрбір екінші жағдайда ведомстволардың/мекемелердің қызметкерлері мәселелерді бейресми шешудің бастамашылары болады деп көрсеткен.

Мәселені формалды емес тәсілмен шешудің басты себебі, жұмыс процесін тездетуге байланысты. Демек, барынша тез, әуре-сарсаңға салмай және азаматтар үшін қолайлы мерзімде жүзеге асыру оларға маңызды. Ведомство қызметкері тарапынан бейресми сыйақы алу мақсатында мәселені заңды түрде қарастыру кезінде барынша созу, — қызметкерлердің іс-әрекетінің неғұрлым кең тарағаны түрі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.