Тараз қаласында 206 мәдени көпшілік іс шаралар ұйымдастырылған

0 10

Тараз қаласында ағымдағы жылы 206 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 133 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі  бойынша 1061 мәдени іс – шара өткізілді, қатысқан оқырмандар саны  62 644 адамға жетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қалалық мәдениет үйінде 25  үйірме жұмыс істейді.  Оның  ішінде 19 ұжымның «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар. Қатысушылар саны 823. Олар «Жас дәурен» үлгілі би ансамблі, «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хор ұжымы, «Қарахан» ұлт-аспаптап  ансамблі, «Бозторғай» ән-би ансамблі,  «Жібек жолы» халықтық эстрадалық оркестрі, «Өрлеу» қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Ривер-данс» балдық би ансамблі, «Дулати» халықтық жастар театры, «Асыл-Аналар» халықтық әжелер ансамблі, «Камертон» вокалды тобы, «Мерей» халықтық вокалды тобы, «Вояж» балеті, «Планета» халықтық театры, «Маричка» халықтық украин вокалды тобы, «Жансарай» халықтық театры, «Шаттық» үлгілі хор ұжымы, «Нұршашу» үлгілі камералық оркестрі, «Жас толқын» үлгілі синтизатор  ансамблі, «Аллегро» үлгілі скрипкашылар  ансамблдері.

Жасөспірімдер мен жастардың қызығушылықтарын арттыру  мақсатында  қалалық мәдениет үйінде  «Үкілі ару», «Грация» би, домбыра, қолөнер және көркем сурет жалпы 6 тегін үйірме жұмыс істеуде. Үйірмеге  қатысушылардың саны 131 адамды құрайды.

Айта кетейік, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін бүгінгі таңда қалада 4 аула клубы мен 58 жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс атқаруда.

Бұдан бөлек, 4 аула клубын ашу жоспарлануда. Олар: «Астана», «Байтерек», «Құмшағал» мөлтек аудандарында және Шалғай Қарасу тұрғын алқабында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.