Қалада жолаушы тасымалымен 10 мекеме айналысады. Күнделікті 43 бағыт бойынша әртүрлі маркадағы 465 бірлік автобуспен шағын автобустар қызмет көрсетеді. Жалпы резервпен қоса тіркелгені 670 дана. Оның ішінде пайдалану мерзімі 3 жылға дейін 198 дана , 5 жылға дейін 286 дана , 186 данасы 7 жылдан жоғары, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 406,5 млн. теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқаптарына қиыршық тас жолдарының және Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы қаладағы 40 көшелердің орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 521,0 млн. теңге бөлінсе және 130 көшелердің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына 360,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мектептер мен балабақшаларға баратын 30 көшені ішінара және 32 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама берілді.