Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде сотталғандар арасында кіші футболдан сайыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Оған І, ІІ және ІІІ жасақ топтары қатысып, кім мықтыны анықтады. Қазылық еткен облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының мамандары қатысушылардың жүйріктігі мен ептілігін бағамдап, әділ шешім шы. Айтуынша, жазасын өтеушілер доп тебуге әбден көсілген, ойын барысында анық байқалды. Дегенмен ІІ жасақ оза шауып, үздік атанды. Жиын соңында жарыс жеңімпаздары мен белсенділер марапатталды.
Мұндай іс-шаралардың мекемеде жиі өткізілуі сотталғандар арасында дене тәрбиесін оң жолға қойып, бұқаралық спортты дамыту. Түзелу жолында оңтайлы тәсілдерді пайдаланып, үздік нәтижеге қол жеткізу.