Аймақ басшысы «Жаңатас ЖЭС» құрылысына арнайы барды

0 0

Аймақ басшысы «Жаңатас ЖЭС» құрылысына да арнайы ат басын бұрды. ЖЭС құрылысына 233 гектар жер бөлінген. Инвестор «China Power International Holding Ltd» компаниясы жүргізіп жатқан жоба құны 130 миллион АҚШ долларына тең.
Жобаның алғашқы кезеңі бойынша 40 жел қондырғысы орнатылып, қуаттылығы 100 МВт-ты құрайды деп көзделген. Ал, екінші кезеңде қуаттылықты 200 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарлануда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы станция жыл сайын желден 340 миллион кВт/с электр энергиясын өндіреді деп болжанып отыр. Өткен жылы бастау алған жоба келер жылы іске қосылатын болады. Іске қосылған соң 40 адам жұмыспен қамтылмақ.

Бүгінде нысан аумағында жел деректерін өлшеу бойынша 6 діңгек орнатылған. Тағы да діңгектер орнату үшін 14 іргетас құйылып, қазан шұңқырлар дайындалуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.