Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған «Ұстазым, менің ұстазым!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған іс-шараға қалалық мәслихаттың хатшысы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, білім басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі, құқық қорғау органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі, «НұрОтан» партиясы, ішкі саясат, БАҚ өкілдері, білім ардагерлері мен облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы, мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері, ұстаздар шақырылды.
Мерекелік іс-шара барысында жыл бойы оқу жылында жеңіске жеткен ұстаздар қауымы қала, облыс әкімінің, «НұрОтан» партиясының, республикалық, облыстық, қалалық білім басқармаларының грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар, мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының оқушыларының концерттік бағдарламасы мен көрме ұйымдастырылды.