Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 млрд. 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Өткен жылмен салыстырғанда 29 млрд. 929,9 млн. теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болып қалыптасты.
Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер бойынша өңдеу өнеркәсібінде 149 млрд. 830,8 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9% құрады.
Кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 422,8 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 95,5% құрады. Оның себебі «Жамбылгипс» АҚ-ы гипс өнімін 26,1%-ға төмендеткеннен болып отыр.
Сондай-ақ, электрмен жабдықтау, газ беру саласында 31 млрд. 832,4 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 101,5%.
Айта кетейік, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 1 млрд. 912,3 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 115,6%-ды құрады.