Ағымдағы жылы жылы әлеуметтік салаға 35 млрд. 775,7 млн. теңге немесе қала бюджетінің 49,9% бағытталды. Оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарына 4 млрд. 319,6 млн. теңге қарастырылған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2019 жылдың қаңтар — тамыз айларында 2 млрд. 446,2 млн. теңгеге 10242 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2804 отбасына 113,2 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі, 7438 отбасының 37184 адамына 2 млрд. 333,0 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді. Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3875 азамат қамтылды, оның ішінде мемлекеттің қолдауынсыз бос орындарға 1727 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам, жастар тәжірибесі бойынша 323 адам және қоғамдық жұмыс орындарына 709 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстарға 905 адам, шағын несие беру бойынша 9 адам және инфрақұрылымдық жобалар бойынша 171 адам орналасқан. Осы жұмыспен қамтылғандардың ішінде 1727 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасқан.
Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 4615 адам өтініш білдірсе, оның 2961 адамы жұмыспен қамтылған. 2019 жылға қоғамдық жұмыстарына 186,3 млн. теңге бөлініп, 630 адам жолдануы жоспарланған. Осы жылы қоғамдық жұмысшылардың жалақысы 56350-63750 теңгені құрайды. Ағымды жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 709 азамат қатыстырылып отыр.