«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында субсидия тетігі бойынша 1 млрд. 241,0 млн. теңгеге 15 жоба және кепілдендіру тетігі бойынша – 238,4 млн. теңгеге 44 жоба қаржыландырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бұдан бөлек, Несиелендіру «Береке 3» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде 721,0 млн. теңгеге 21 жоба және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1 млрд. 143,3 млн. теңгеге Тараз қаласы бойынша 97 жоба қаржыландырылды.
2019 жылдың мамыр айында облыс бойынша аталған бағдарлама аясында грант тетігін қаржыландыруға 15 млн. теңге бөлінді. Грант тетігі бойынша кәсіпкерлерден байқауға қатысуға құжаттар мамыр айының 4-нен бастап 24 маусымға дейін 18 жоба қабылданды. Жамбыл облыстық Аймақтық Үйлестіру Кеңесімен 29 маусым күні байқау өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласынан 4 жоба 8,0 млн. теңгеге: Жеке кәсіпкер «Алике» құлпынай өсіруге жылыжай үшін 2,0 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Нұрлан» арнайы құралдар жасау үшін 1,5 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Energy» электр тоғын үнемдейтін құралдар шығару үшін 1,5 млн. теңге, Жеке кәсіпкер «Ecosystem services» арнайы құрал-жабдықпен сорланған жерлердің құнарлығын арттыру үшін 3,0 млн. теңге грант ұтып алды.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант тетігі бойынша жастар жылына байланысты Республикалық бюджеттен 21 млн. теңге, облыстық бюджеттен 303 млн. теңге қаражат барлығы Жамбыл облысы бойынша 324 млн. теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде 109,2 млн. теңгеге 47 жоба Тараз қаласының жас кәсіпкерлері ұтып алды.
Заңды тіркеліп, кәсібін жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында, облыс әкімі А.Мырзахметовтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, қаладағы заңсыз орналасқан және құжаттарының мерзімдері өтіп кеткен 140-тан аса дүңгіршектер мен павильондардар анықталып, бүгінгі күнге 109-ы алынып тиісті жұмыстар ары қарай жалғасуда. Заңсыз контейнерлік дүңгіршектер мен сауда нүктелерінің орнына, типтік коммерциялық дүңгіршектерді «Тараз» ӘКК ҰК АҚ-ның тетігі арқылы конкурстық негізде орнату бойынша 5 рет аукцион өткізіліп, 26 жер учаскесі жеке тұлғаларға берілсе, 23 жер учаскесінің құжаттары дайындалып аукцион арқылы жеке тұлғаларға берілетін болады. Мұндағы міндетті шарттың бірі, қатысушыларға ұсынылатын сауда нүктелерінің эскиздері бірыңғай сәулеттік стильде болуы тиіс.