Тараз қаласында «өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында жобалар іске асырылуда
Тараз қаласында ағымдағы жылы «өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында төмендегі жобалар жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
-Кирпичник, Қант зауыты және Барысхан аумағындағы алқаптарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тарқыштың құрылысы 2020 жылы аяқталады.
— «Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету жобасы аяқталды.
— №8,9,10,11 мөлтек аудандарын және «Көктем» алқабын үздіксіз ауыз сумен қамту үшін Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
— Шалғай Қарасу алқабының Модарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің 2-ші бұрылысы, Центральная көшесі, Центральная көшесінің 1-ші бұрылысы су жүйелерінің құрылысы бойынша «Тараз Су» КМК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 100,0 млн. теңге қарастырылып, 2020 жылы аяқтау көзделуде.
— Ағымды жылы құрылысы аяқталатын 4-ші Тараз энерго орталығынан басталатын М-2-ші және М-4-ші жылу магистральдарінің қайта жаңғырту.
— «Арай» көпқабатты тұрғын алқабының жолдары мен тротуарлары, сыртқы жарықтандыру, арық желілерінің құрылысы, тұрғын үй алаңшаларын абаттандыру.
— «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу құрылыстары.