Тараз қаласының санитарлық тазалық жұмыстарына 1 млрд. 870,8 млн. теңге бөлінген

0 1

Тараз қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 1 млрд. 870,8 млн. теңге бөлінді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Есепті кезеңде 27 дана қураған апатты талдар түбінен және 11 086 ағаштың қураған бұтақтары кесілсе, 298 тал ағаштары балақталды.

Бұдан бөлек, қала көшелерінің бойындағы 11640 талдар әктелсе, 2004 электр бағаналары, 170 гүл сауыттары, 396 қоғамдық орындықтар, 290 қоқыс тастайтын жәшіктер, 200 мың шаршы метр аялдамалар және 4836 шаршы метр қоршаулармен турникеттер сырланды. Автокөліктермен көше бойындағы 5240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар және 3040 текше метр кездейсоқ күл-қоқыстар шығарылса, 5,8, мың шаршы метр жер қолмен тазаланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.