Жамбыл облысында «Ізгілік елшісі» жобасы бастау алды

0 8

Қазақстан-Ресей жастар форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп  мәлімдеді. Осыған орай  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  қоғамды адамгершіліктің ізгі қасиеттеріне баулып, жастарды қайырымды істерге шақыру мен тәрбиелеу мақсатында «Ізгілік елшісі» жобасын құруды қолға алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын «Саналы ұрпақ» клубтары аясында жүзеге асыру мақсатында бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде жоғары оқу орындары, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері, еріктілердің қатысуымен жиын өтті.

Жиынды «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Меклисов ашып, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басты бағыттары, жоспарлары және атқарылған жұмыстарымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Қадырқұлов, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Қадыралиев, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі  Б.Бекназаров таныстырып  өтті.

Облыста «Ізгілік елшісі» жобасын қолданысқа енгізудің мақсаты мен артықшылықтары жөнінде жобалық кеңсе жетекшісі Қ.Меклисов түсіндіріп, еріктілердің қатысуымен  облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ жиында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа,  Тараз мемлекеттік университетінің ректоры М.Сарыбеков, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Е.Саурықов, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу әдістемелік жөніндегі ректор орынбасары С.Алимбаева «Ізгілік елшісі» жобасының жүзеге асқандағы маңыздылығына тоқталып, қолдау көрсетіп, бірге жұмыс жасайтындықтарын айтты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев жиынды қорытындылап, алдағы уақытта «Ізгілік елшісі» жобасы аясында «Қамқор» қоғамдық қорымен біріккен арнайы штаб ұйымдастырылып, штаб жанынан көмекке мұқтаж жандар тізімі еінші Демеушілер мен меценаттар тізімі,  үшінші еріктілер пулын құру қажеттігін айтты.

Арадағы жұмыстарды нығайту мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті С.Сұлтанбек пен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенті А.Құрмансейтов жобалық кеңсенің жаңа мүшелері болып қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.