Мойынқұм ауданында 4 елді халықтың тұрмауына байланысты таратылады, Тұрар Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары бойынша 4 елді мекен жақын орналасқан ауылдарға қосылатын болады.Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және құрылыс басқармасы басшысының м.а Даулет Досанов айтты,- деп хабарлайды «ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Сондай- ақ Мойынқұм ауданы елді мекендерін ауданның елді мекендер есебінен шығару туралы аудан әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешімі шықты. Бүгінгі күні облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімдері қабылданды. Қазір Статистика департаментінің КАТО жүйесі тізімінен алу жұмыстары жүргізілуде.
Сарысу ауданы Талас ауылын Өндіріс ауылының құрамына қосу, Жарқұдық ауылын Жаңаталап ауылының құрамына енгізу туралы және Т.Рысқұлов ауданы Разьезд-98 ауылын Ақбұлақ ауылдық округі Р.Сабденов ауылының құрамына қосу, Шу ауданы Бөлтірік ауылын Ақтасты елді мекеніне қосу туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасы әзірленіп, «Ашық Үкімет порталына» қоғамдық талқылауға орналастырылды.