Ертең Үкіметтің жұмыс тобы Жамбыл облысына іс -сапармен келеді

0 9

Ертең ҚР премьер- министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы Жамбыл облысына келіп, жұртшылықпен жүздеседі деп күтілуде. Сапардың негізгі мақсаты – Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауындағы тапсырмалардың Жамбыл облысында іске асырылуы бойынша тұрғындарды ақпараттандыру — деп хабарлайды ZhambylNews АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме  жасап.

Бұл топтың құрамында үкіметтің әлеуметтік блогының басшылары: білім және ғылым, денсаулық, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінен өкілдері бар. Іс сапар барысында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және білім салаларының қызметкерлерімен, жастармен сондай-ақ тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізеді. Облыстың сексен жылдығына орай ашылатын «Шахристан» этно мәдени кешенімен, бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандардың жай-күйімен танысу көзделуде.

Бұдан бөлек аймақта пилоттық жоба ретінде әлеуметтің әлеуетін көтеруге арналған пилоттық жобаға енген елді-мекендерді аралауда жоспарда бар. Дәл осы күні Тараз қаласында Алтын орданың 750 жылдығына арналған «Талас құрылтайы: тарих пен тағлым» атты мемлекетаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.