Жамбыл облысында 2019-2020 оқу жылында 442 мектеп жұмыс атқаруда

0 18

2019-2020 оқу жылында облыста 442 мектеп жұмыс істесе, оның 352-і ауыл мектептері. Облыс оқушыларының сапалы білім алуына жан-жақты жағдайлар жасалуда. Соңғы 4 жылда облыста 24 мектепке жаңа ғимарат, 6 мектепке қосымша ғимарат соғылып пайдалануға берілді, оның 25-і ауыл мектептері. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі күні облыстың барлық мектебі 100% жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. 10 908 оқу кабинетінің 9068-і  компьютермен жабдықталып,  2019 жылы 1534 оқу кабинеттерін компьютерлік техникамен жабдықтауға 670,7 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, 58 жаңа модификациялы кабинеттер ашылған.

Аудандар мен Тараз қаласында 31 IT сынып ашылды. Оның 24-і биылғы жылы пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 37 IT сыныптарын ашу жоспарлануда. Бүгінгі күні облыстағы 231   мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталды. 2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адам капиталын дамыту жол картасына сәйкес 2019 жылдың соңына дейін облыс мектептерінің 50%-ы, 2020 жылы 70%-ы робототехника кабинеттерімен жабдықталады.

Сондай-ақ, ауыл мектептеріне арналған республикалық «IQanat» олимпиадасының аудандық І кезеңіне – 2574 оқушы, ІІ кезеңіне – 582 оқушы қатысты. Республикалық кезеңге 40 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарды иеленді. 9 оқушы Халықаралық мектепке оқуға қабылданды. Бұл оқушылар болашақта әлемнің беделді жоғары оқу орындарында оқитын болады.

Ауыл мен қала мектептері арасындағы оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты жою бойынша қадамдық жоспар әзірленіп, жұмысшы тобы құрылды. Осы қадамдық жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.