Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,8 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,7%-ға артты. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аудандағы 69,3 шақырым болатын 9 тоғанды механикалық тазалау үшін бюджеттен 70,0 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Жоспарланған жұмыстар өз кезеңімен аяқталып 5074 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Егіс алқабы 2018 жылмен салыстырғанда 1290 гектарға артты.
Ауданға қарасты Бірлік, Кеңес ауылдарында аумағы 500 м2 құрайтын 2 жылыжай бар. Биылғы жылы олардан 3,5 тонна өнім жиналды.
-Есепті кезеңде шаруашылықтың барлық санаттарында 3248,8 тонна ет өндірілді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен салыстырғанда 58,7 тоннаға артық. Сонымен қатар, 6059,2 тонна сүт және 1232,0 мың дана жұмыртқа өндірілді, — деді аудан басшысы.