Меркі ауданында «Жамбылым қандай тамаша» өнер фестивалі өтті

0 13

Бүгін Меркі ауданы  Ақтоған ауылдық округінде «Жамбылым қандай тамаша» атты Жамбыл облысының 80 жылдығы аясында аудандық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі.

Фестивальдің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы  Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Фестивальдің мақсаты  Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойын насихаттау, отанды сүю, аудандағы өнерлі, дарынды өнер ұжымдарының шығармашылығын дамыту, мәдениет үйлері мен көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарын байыту. Өнер жанрларының шеңберін кеңейту, орындаушылық шеберліктерін арттыра түсу, жаңа шығармашылық топтарды анықтау, жастар мен өнер ұжымдарының эстетикалық талғамын дамыту, халықтық дәстүрлі өнер түрлерін кеңінен насихаттау.

Айта кетейік, фестиваль 11-19 қараша күндері өтеді. Гала концерт 22 қараша күні Меркі аудандық мәдениет үйінде өтпек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.