Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің келісімімен Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қуанышбек Бекхожаевты жеке құрамға таныстырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
1977 жылы туылған, жоғары құқықтық білімі бар, 1998 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Жедел қызметтің барлық сатыларынан өткен. Соңғы атқарған қызметі — Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.
ПД бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев жаңа басшыға өз жұмысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғау, жергілікті халықпен тығыз байланыс орнату және заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұзудың кез келген деректеріне қатысты жедел ден қою міндетін қойды.