Жамбыл облысына- 80 жыл

0 50

Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы, құрылғанына 80 жыл толатын «Жамбыл облысының» мерейтойымен құттықтайды.

Жамбыл облысы – Республиканың оңтүстігінде орналасып, Алматы, Түркістан, Қарағанды және Қырғызстан мемлекетімен көршілес болып табылады.
Облыстың жер аумағы – 144,2 мың км2 құрап, 10 аудан, 4 қала және 153 ауылд округтерде 377 елді мекен орналасқан.

Бүгінде облысымыздың елді мекендерін аймақтарға бөлудi, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлiк және инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобаларымен қамтылуы бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Жалпы қала құрылысы жобаларымен қамтылуы 98,1% құрап, қазіргі уақытта 377 елді мекеннің 362-де бас жоспар жобалары мен оңайлатылған сызба жобалары әзірленіп, бекітілді.

Солардың бірі, облысымыздың орталығы Тараз қаласының бас жоспар жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.02.2010 жылғы №104 Қаулысымен бекітіліп, оны кезең-кезеңмен іске асыру мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылды.
Мәселен, қаланың бас жоспары негізінде 20 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жасақталып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі берілетін 9 тұрғын алқап белгіленді.

Облыс аудандары бөлінісінде, бас жоспар мен оңайлатылған сызба негізінде 73 тұрғын алқап қарастырылып, бүгінгі күнге 29 тұрғын алқап бойынша инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Облыс бойынша бүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдеріне Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінде 2005-2019 жылдары аралығында 116081 (01.11.2019 жылғы жағдайға) азамат кезекке тіркеліп, 31 793 жер телімдері берілді, оның ішінде 2019 жылға — 1156 жер телімі берілді.

Сонымен қатар, қала құрылысы жобаларына сәйкес соңғы 3 жылда 110 әлеуметтік нысандар бой көтерді. Оның ішінде, білім саласы бойынша 34, денсаулық сақтау саласы бойынша 62, спорт саласы бойынша 14 нысан халықтың пайдалануына берілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының III бағытын «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» Жамбыл облысында іске асыру мақсатында,облыс әкімінің бастамасымен Тараз қаласы аумағын дамыту, абаттандыру жұмыстары қолға алынды.

2018-2019 жылдары аралығында облыс орталығы Тараз қаласының сәулеттік келбеті айтарлықтай жаңартылып, көркейе түсті.
Тараз қаласында 2 алея, 2 саябақ, 1 сквер, және 1 канал жағалауының қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
А.ж облыстың 80 жылдық мерей тойының тойлануына орай «Шахристан — этно мәдени» және «Тектұрмас» — этно тарихи кешендерінің құрылысы аяқталып, халықтың игілігіне пайдалануға берілгелі отыр.

Мұндай жұмыстар аудандарда да бастау алды. Аудан орталықтарындағы абаттандыру элементтерін бірыңғай стильге келтіру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан ортақ концепсия жобасы ұсынылды. Осы Концепция негізінде жобалар әзірленіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар өз кезегінде облыс аумағы мен елді мекендердің сәулеттік келбетін көркейтуге, халықтың қолайлы демалуына едәуір септігін тигізетіні анық.

Жамбыл облысы әкімдігінің
сәулет және қала құрылысы
басқармасы басшысының м.а
Д. І. Досанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.