Агенттіктің бастамасымен Республика бойынша бір уақытта «Халық заңгері» атты кең ауқымды акция өтті, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Тараз қаласында науқан Төле би көшесіндегі «MART» ойын-сауық орталығында жалғасты.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ә.Әшірбаев және 50-ден астам мемлекеттік орган қызметкерлері, адвокаттар, заңгерлер және кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңір тұрғындарына заң төңірегінде барлық сұрақтарға жауап беріп, заң саласында бағыт-бағдар берілді.
Сондай-ақ, акция барысында 300 -ден астам тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетілді.