Отаны Қазақстан саналатын қызыл алмаға жойылу қаупі төнуде

0 7

Дүкендерден түрлі сорттарын табуға болады. Жасыл алмадан бастап әр түрлі реңдегілері бар. Дегенмен солардың ішінде қызыл алманың орны ерекше.

BBC жазғандай, қызыл алмалардың отаны қазіргі Қазақстан жері. Оңтүстік-шығысындағы таулы өлкелерде әлі күнге дейін аюлардың сүйікті жемісі жабайы қызыл алманы кездестіруге болады. Соңғы 50 жылда адамзат өндірісінің кесірінен бұл алмалардың 90% жойылған.

Ғалымдар алманың қызыл түске боялуына екі себепті көрсеткен. Біріншісі, адманың қабығындағы түсін анықтайтын ген болса, екіншісі ауа температурасы. Зерттеушілер күн ыстық болған кезде, алманың реңі сарылау болып келетінін байқаған. Осыған байланысты жаһандық жылыну болашақта қызыл алманың жойылуына себеп болады деп отыр.

Қызыл алманың құрамындағы калория жасыл алмадан сәл жоғары. 100 грамм қызыл алмада 45-50 килокалория бар. Оның жұмсақ, қатты әрі тәтті сорттары кездеседі. Олардан тәтті джем, тосап, жеміс салатын жасауға болады.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.