Сату туралы хабарландырулар: Қаскүнемдер электронды әмиянға қаражат аудару арқылы алдын ала төлем сұрау және бірнеше күн ішінде өңделетін тапсырысты жүзеге асыру секілді қарапайым сызбаны пайдаланады. Осыдан кейін тапсырыс берушіге аздаған кідіріс болғаны және тауар жақын күндері жеткізілетіндігі туралы жауап береді. Бірақ, бірнеше аптадан кейін интернет-дүкен көрсетілген мекен-жайы бойынша өз қызметін тоқтатады және тапсырыс беруші тауарды да, ақшаны да ала алмайды.
Сатып алу туралы хабарландыру: Алаяқ-сатып алушылар банк картасының деректемелерін немесе SMS кодын тауар үшін ақша аударуға сұрайды, содан кейін банк шотынан ақша ұрлайды. Қаскүнемдердің басты міндеті – кез келген тәсілмен пайдаланушыдан қажетті ақпаратты білу болып табылады. Бұл CVV/CVC карта коды және олардың нөмірлері, есептік жазбалардың парольдері және басқа да жеке деректер болуы мүмкін.
Маңызды! Ешқашан жеке сипаттағы ақпаратты ашық түрде орналастырмаңыз және жібермеңіз, егер ол банк қызметкері болса да!