Жамбыл облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы өткізілуде

0 3

Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы өтуде.

Акция аясында 5 желтоқсан күні Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінде Тараз қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдар, Дағдарыс орталығы және Аналар үйі өкілдерімен кездесу өткізді.

Аталмыш шараға 70-тен аса студент қыздар да қатысып, тренингтер ұйымдастырылды. Студенттер Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңымен танысты, сондай-ақ оларға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты өмірлік маңызды әңгімелер айтып, заң ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кездесу барысында қатысушылар отбасы жанжалдарын шешуге және психологиялық көмек көрсетуге қатысты полиция қызметкерлеріне, Дағдарыс орталығы мен Аналар үйінің өкілдеріне сұрақ қойып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар кездесуге қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға қатысты бүктемелер мен жадынамалар табыс етті.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.