Облыстың 80 жылдығына орай бірқатар мәдени нысандар ашылады

0 3

Облыс мерекесінде көпшілік Мәдениет саласындағы мәуелі істердің жемісіне де куә болмақ, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласындағы Тектұрмас тарихи-этнографиялық кешені және облыстық қазақ драма театрының алдында Қазақстанның халық әртісі, өнертанушы А.Тоқпановтың, «Баласағұн» ОКЗ-ның алдында халық ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Әзірбаевтың ескерткіші бой көтереді.

Бұдан бөлек, Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің алдында «Әуендер әлемі алаңы», «Тараз-Арена» спорт сарайының алдында «Даңқты спортшылар алаңы» ашылады. Бұл халықтың өнерге, спортқа деген сүйіспеншілігін, құрметін арттырары сөзсіз.

Сондай-ақ, Шахристан этно-мәдени кешенінің аумағында орта ғасырлық шығыстық сәулет стилінде «Руханият және тарихтану» орталығы, Қолөнер шеберлерінің галереясы, Көркемсурет галереясы, Облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Ретро-фестиваль» амфитеатры, Көрме павильоны , қаланың кез келген тұсынанан көрінетін «Сағат» стелласы, «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы ашылып, облыс жұртшылығының қуанышына айналғалы отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.