Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылында жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттарына 135 млн. теңге жұмсалса, құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 107,4 млн теңге бөлінген.
-Соңғы жылдары ауданымызда көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл тұрғындарының әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары жақсарып келеді. Міне, тек бүгінгі күні ауданда алты жаңа құрылыс нысандары ашылғалы тұр,- деді аудан әкімі Нарбай Ергебеков.
Айта кетейік, аудан әкімі Нарбай Ергебеков Билікөл ауылдық округінің тумасы, ұзақ жылдар ауылдық кеңестің, одан кейін ауылдық округ әкімі болып қызмет атқарған, сондай-ақ, спорт саласын дамытып, талай спорт чемпиондарын тәрбиелеген Бекберді Қашкеевтың есімін осы спортзалға беруді қолдады.
Дәстүрлі спортзалдың лентасын аудан әкімі Нарбай Ергебеков, Ерғали Тілеубеков пен ардагер Еңсебек Абсалямов қиды.