Жуалы ауданында жаңа тұрғын алқабы іске қосылды

0 4

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Жуалы ауданында  – «Көктөбе» тұрғын алқабы ашылды ,  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш алқаптың сметалық құны 612,0 млн. теңгені құрап,  170 жер теліміне шақталған.   Мердігер компания «Талас-Құрылыс» ЖШС аумағы 30 гектарды алып жатқан алқапта жалпы ұзындығы 5,9 шақырымдық көше-жол желісін салып, 4,2 шақырым газ құбырын, 7,1 шақырым ауыз су құбыры, 6,1 шақырым электр желілерін жүргізіп берген.

Инфрақұрылымы толық жасақталған алқапта сәулеті келіскен жаңа баспаналар бой көтеретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.