Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің құттықтауы:
-Облысқа сексен жыл. Ілгері замандағы Батыс Түрік қағанатының «Қазақ» мемлекеті аталған үлкен ордасының астанасы болған Тараз деген қала. Бұның барлығы сол елдің өскенінің, өркендегенінің белгісі. Сондықтан елмен бірге қуанышты қарсы аламыз. Осыған жеткенімізге, халықтың жеткеніне ризамыз. Халыққа зор келешек тілейміз. Ауыртпашылық деген халықтың өмірінде болмасын. Тек қана қызығын көретін болсын өмірдің. Енді өміріміз гүлдесін. Соның қызығын көрсін халқымыз!