Пара ұсынған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды. 1000 теңгемен мәселесін шешпекші болған азаматқа 252 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Азамат Б. Тараз қаласының полиция инспекторына 1000 теңге номиналымен сыйлық бергені үшін қысқартылған өндірістін қолдануменәкімшілік хаттама толтырылып,онымен 252 500 теңге көлемінде айыппұл толық төленді.
Айтарлығы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 676, 678 баптары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруiне қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – онда 200 және 750 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынуы мүмкін.
Ал, Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, –алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сол, себепті де БАҚ және қоғам өкілдерін тарта отырып аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.