Жамбыл облысының 80 жылдығына орай амфитеатрдың ашылу рәсімі, театрландырылған көрініс, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Амфитеатр – «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Руханият және тарихтану» орталығы мен «Көркемдік-бейнелеу өнері галереясы» нысандарының ортасында орналасқан. Ашық аспан астындағы сахнада алдағы уақытта халықаралық байқаулар, конкурстар, басқа да өнер бәйгелері және мерекелік кештер өтетін болады. Амфитеатрдың сыйымдылығы — мыңнан аса адам.
Сондай- ақ нысанның құрылысын жүргізген бас мердігер – «ЖАҢА АРНА 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Айта кетейік, сахна құрылысының жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайды. Сахнаның жерден биіктігі – 1 метр 20 сантиметр. Ұзындығы 32 метр болса, биіктігі 7 метрден асады. Мұндай амфитеатр елімізде бұған дейін Астана, Алматы, Ақтау қалаларында болса, енді тарихи Тараздағы жаңа кешенде бой көтеріп отыр.