Жыл басында облыс әкімі Асқар Мырзахметов көпбалалы аналармен кездесіп, биыл жамбылдықтарға 8 жатақхана берілетінін мәлім еткен болатын. Аймақ басшысының тапсырмасымен облысымыздың 80 жылдығына орай Қаратау қаласында 44 пәтерлі № 3 жатақхана пайдалануға берілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған ие болғандардың дені көпбалалы және аз қамтылған отбасылар.
Игілікті шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Бақыт Қазанбасов жаңа қонысқа ие болған азаматтарға пәтер кілттерін табыс етті.
Мұнан соң аудан басшысы көпбалалы отбасыларға арналып сатып алынған пәтерлердің кілтін иелеріне арнайы барып табыстады.
Пәтер сатып алу мақсатында бекітілген алгаритімге сәйкес аудандық бюджеттен 74,2 млн. теңге қаралып, 65, 65 млн теңгеге 17 пәтер сатып алынған. Мереке қарсаңында аудан басшысы осындай бірқатар пәтер кілттерін иелеріне табыстады.