Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров, Мұратбай Жолдасбаев және Абдалы Нұралиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сенаторлар алдымен облыс әкімдігінде өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. Бұдан соң халық қалаулылары облыстық полиция департаментінің жедел басқару офисі, фронт офисінің жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде депутаттар Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары мен іске асырылу барысына тоқталды.
Содан кейін полиция қызметкерлерін өздерінің өзекті мәселелерімен бөлісуі үшін еркін диалогқа шақырды. Ашық кездесу барысында полиция қызметкерлері өз пікірлерін айтып, ұсыныстарымен бөлісті, халық қалауларымен әлеуметтік сипаттағы мәселелерді талқылады.
Бұдан соң халық қалаулылары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасының жұмысымен танысып, ұжымымен жүздесді. Жиында әскерилер көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар алды.