Жамбыл облысында «Адал жастар  – кемел келешектің кепілі!» атты облыстық жастар форумы өтті

0 24

Жамбыл облысында «Адал жастар  – кемел келешектің кепілі!» атты облыстық жастар форумы өтті,  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Форум басында  ТарМПУ ректоры Ерболат Саурықов Төраға орынбасары Нұрлан  Шабдар, облыс әкімі Асқар Мырзахметовті ТарМПУ-нің 1-ші қабатында орналасқан адалдық дүкені және адалдық кітапханасымен таныстырды.

Іс – шара барысында ТарМПУ-нің 2-ші қабатында орналасқан «Саналы ұрпақ» фрон-офисінде белсенді студенттердің қатысуымен пікір алмасу өтті.

Төраға орынбасары Нұрлан Шабдармен жастардың іс-шараларына қолдау көрсетіп, пікір білдірді. Форум барысында  Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Мақметқали  Сарыбеков , Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар  сөз сөйлеп, сахна алдында тұрған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бағытталған арнайы плакатқа өз ойын жазып, пікірін білдірді.

Іс – шарада Адалдық туралы бейнеролик  пен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қойылымы көрсетілді. Сондай – ақ, Тараз қаласының №45 гимназиясының 9 сынып оқушысы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі, парасатты елшісі Нұрай Өмірзақ  сөйледі. Ол өз сөзінде «Жас ұрпақтың еңбекке, үлкенді құрметтеу, парасатты болу сипатындағы мектеп қабырғасында жасалған жұмыстар туралы»айтты. Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің 2 курс студенті Наргиза  Қалдыбаева мен ТарМПУ-нің жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Айбек Кадралиев  баяндама жасап, «Жастардың бойында парасаттылық бейнені қалыптастыру бағытталған үндеуі» жарияланды.

 
Leave A Reply

Your email address will not be published.