Сарысу ауданында пилоттық жобамен қаңтар айында 64 отбасыға қаржы берілген

0 4

Сарысу ауданында пилоттық жобамен қаңтар айында 64 отбасыға қаржы берілген. Сондай- ақ 200 азаматтан өтінім жиналды. Бұл туралы Қамқалы және Досбол ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуінде аудан әкімі Қанатбек Мәдібек айтты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сонымен қатар 826,0 млн. теңге қаражат алуға ұсыныстар жасалды.  Бұл бағытта «Саудакент-2019» кооперативі ашылып, жұмысын бастады.

Екі кездесуде 180-нен астам адам болды. Қамқалыда автобус қатынасы, құмның ішіндегі жол, орман қоры жерлерін мал жайылымына пайдалану және электр жарығының жиі өшуі айтылды.

Досболда жас мамандарға үй салу, Досбол-Шағалалы жолын жөндеу, спорт алаңшаларын дамыту және табиғи газды қосу мәселесі көтерілді.

Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек аудан орталығынан шалғайда жатқан Қамқалы, Шығанақ, Досбол ауылдарында болып, есеп берді.

Облыс тұрғындарына 7,2 млрд. теңге көлемдегі 2 пайыздық жеңілдетілген несие қаражаты бөлінді.

Ауыл көркін кіргізер үй жағдай екені рас, сондықтан әрбір отбасын ауласын таза ұстаумен қатар, дуал-қоршауларын қайта жаңартуға шақырамын!,-деді аудан басшысы.
Сонымен қатар , «Шу» мен «Талас» өзендері күнде бақылауда. Арнайы құрылған штаб құрамы шұғыл жұмыстар жүргізуде.

Қамқалы ауылдық округіндегі жиында ауылдық округ әкімі Алпыс Исабаевтың және аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің
2019 жылдың қортындысы бойынша есебі тыңдалды.

Есепте зейнеткер Ә.Сағниев малды асылдандыру немесе қолдан ұрықтандыру,орман қоры жерінен жер беру, аудандық аурухананың педиатор дәрігерлері айына бер рет ауылдың кішкентай балдарын тексеріп тұру мәселелерін ортаға салды.

Ал, Қамқалы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ырысбаев болса Шығанақ-Тараз бағытында қатынайтын автобустың Тараз қаласында арнайы автобекет арқылы жүруді айтса, «Шығанақ-Өндіріс» кооперативінің төрағасы  А.Абдикаримов жаңадан ашылған кооперативке несие алу туралы көпшілік ойын жеткізді.
Зейнеткер  А.Баушенов 4 баладан төмен отбасыларына қандай көмектер алуға болатындығы туралы ақпараттар сұрап, оларға тиісті жауаптар берілді.

Осындай жиын  Досбол ауылдық округінде де өтті. Аудан әкімі мен округ әкімі Нұрлан Молдабектің есептері тыңдалды.
Досболда көтерілген сұрақтарға келсек зейнеткер
М.Жаманқараев басқа да тұрғындар ауылға келген жас мамандарға 2 пәтерлі тұрғын үй соғу, Шағалалы ауылына 2017 жылы қазылған скважинаны толық іске қосып ауылға су беру, Шағалалы ауылына кіші футбол алаңшасын соғу, Шағалалы-Досбол бағытындағы жолды жөндеу мәселелерін айты.
Сонымен қатар ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Алтынбеков  Досбол ауылындағы газды іске қосу мәселесі мен   интернеттің жылдамдығын жоғарлату және оптикаволокондық желісін тарту мәселелерін көтерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.