Шу қалалық станциясынан 103 қызметіне вирусты инфекциямен клиникалық көріністері бар жолаушылар туралы хабарлама түсті

0 16

29.01.2020 ж. 05.45-те Шу қалалық станциясынан 103 қызметіне вирусты инфекциямен клиникалық көріністері бар Қытай Халық Республикасының азаматтары болып табылатын жолаушылар туралы хабарлама түсті. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 06.01.2020 жылғы №1 – ПГ Вр «ҚР аумағында белгіленбеген этиологиядағы пневмонияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық — профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» Қаулысына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының және ККБТУ қызметкерлерімен бекітілген алгоритмге сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:

1. «Сарыағаш – Нұр-Сұлтан» бағытындағы № 086 пойыздан Қытай Халық Республикасының екі азаматы түсіріліп, Шу орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде медициналық бақылауға алынды. Олар орталық аудандық ауруханасының және облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының мамандарымен қаралды: ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) ? — диагнозы қойылды.
Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, емдерін қабылдауда. Бақылау кезінде дене қызуының көтерілуі байқалмады.

2. Облыстың медициналық ұйымдары мен Шу ауданының медициналық ұйымдары жеке қорғану құрылғыларымен, дәрілік препараттармен, бір рет қолданылатын бетперделермен және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

3. Осы вагонда болған жолаушылар 14 күн бойы тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық қызметкерлердің қатаң бақылауында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.