Жамбыл ауданында барлығы 2459 агроқұрылым жұмыс істейді

0 3

Жамбыл ауданында барлығы 2459 агроқұрылым жұмыс істесе, оның 3-еуі – өндірістік кооператив, 25-і – ауыл шаруашылығы кооперативі.  Қалған         2431-і – шаруа қожалықтары. Бұл туралы аудан басшысы Сәкен Арубаев халыққа  есеп беру кездесуінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Былтыр ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 37,2 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 108,3 пайызға жетті. Өсімдік шаруашылығында 23,5 млрд теңгенің, мал шаруашылығында 13,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

2019 жылы 54,7 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 2,1 мың гектар күздік бидай, 11,1 мың гектардан аса жаздық арпа, 1,6 мың гектардан аса дәндік жүгері, 3,1 мың гектардан аса майлы дақыл, 610 гектар қант қызылшасы, 525 гектар картоп, 7,6 мың гектардан аса көкөніс, 741,5 гектар бақша, 27,1 мың гектардан аса көпжылдық шөп егіліп, 5 мың тоннадан аса күздік бидай, 24,1 мың тоннадан аса жаздық арпа, 9,4 мың тоннадан аса дәндік жүгері, 4,9 мың тоннадан аса майлы дақыл, 12,2 мың тоннадан аса картоп,  248,1 мың тоннадан аса көкөніс, 20,4 мың тоннадан аса бақша, 174 мың тоннадан аса мал азығы жиналды.

Сондай ақ соңғы 3 жылда 9,7 мың гектардан аса жер мемлекеттік жер қорына алынып, 13,6 мың гектардан аса жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Айта кетейік, егін шаруашылығымен айналысатын дихандар тамшылатып суару тәсіліне ерекше ден қойып, өткен жылы 7 ауылдық округтегі 11 шаруа қожалығы 380 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен көкөніс және жеміс-жидек дақылдарын екті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.